Қазақстанда сенат сайлауы өтіп жатыр. Қорытынды бюллетеньге 46 үміткердің есімі енгізілді. Бүгін 17 аймақтан бір депутаттан сайланатын болады деп хабарлайды Sputnik. Себебі биыл қазан айында 2014 жылы сайланған 17 сенатордың өкілеттік мерзімі аяқталады.
Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 13 маусымда басталған болатын. Бұл науқан сайлауға бір ай қалғанда, демек, бүгін 12 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады. Содан сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу басталады. Ол 23 шілде де бітеді. Орталық сайлау комиссиясы жеті күннің ішінде сайлаудың нәтижесін жариялайды.