Қазақстанда шетелдік маркетплейстен алынған тауарлар декларациялануы мүмкін

Қазақстанда шетелдік маркетплейстен алынған тауарлар декларациялануы мүмкін. Енді сайт арқылы тапсырыс беретін отандастар әр заттың құнын, салмағын, сипаттамасын көрсетуге тиіс. Соңғы жылдары елімізде онлайн саудаға деген сұраныс өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр электронды коммерция 12,7% артып, 3 трлн теңгеге жеткен. Сондықтан үкімет өзге елден келіп жатқан тауардың нақты көлемін анықтап, бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр. Әзірге декларацияны қашан және қалай тапсыратыны белгісіз. Ұлттық экономика министрлігі жобаны желтоқсанның 26-сына дейін қоғамдық талқылауға шығарды. Қолдау тапса, келер жылы ол күшіне енеді.