Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адамнан коронавирус анықталды

22 шілде күні Қазақстанда 1646 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Ауру белгілері инфекция жұқтырған 778 адамда байқалған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қазақстанда эпидемия басталғалы барлығы 76 799 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. COVID-19 ауруынан 46 790 науқас айыққан. 21 шілде күнгі мәліметке сай коронавирустан 610 адам қайтыс болған.