Қазақстандағы 1,2 мыңнан аса елді мекен су басу қаупі бар аймақта тұр – министр
Биылғы көктемгі су тасқынында 1 223 елді мекенді су басуы мүмкін. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің айтуынша, олар су басу қаупі бар аймақта орналасқан. «Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралар орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелгенін атап өтемін», – деді Әрінов. Министр былтыр су тасқыны аяқталғаннан кейін өңірлер алдын алу шаралары мен инженерлік жұмыстарды бастағанын атап өтті. Жұмыстарды іске асыру барысын министрліктің бөлімшелері қадағалап жатыр. Сондай-ақ Үкімет аппараты инспекторларының қатысуымен бірнеше рет тексеріс жүргізілген.