Қазақстандағы бензин мен автогаз бағасы – үкімет шешімін жариялады
Премьер-министр Олжас Бектенов газ бағасына қатысты үкімет шешімін жариялады. “Үкімет жанар-жағармай мен газ бағасын, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық тарифтер және теміржол тасымалы саласындағы тарифтерді кезең-кезеңімен еркін бағаға жіберуді бастады”, – деді Бектенов. Оның айтуынша, нарықтық баға белгілеуге біртіндеп көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанар-жағармай тапшылығы қаупінен арылуға мүмкіндік береді.