Енді Қазақстандағы пойыздарда жолаушылар интернетке тегін қосыла алады, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі. Жаңа қызмет түрі жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін енгізілді. Ол Қазақстандағы барлық поезда қолжетімді. Осылайша, вагондардағы Wi-Fi арқылы кең жолақты интернетпен қамтылмайтын аймақта жолаушы жеке электронды құрылғысын, ұялы телефоны немесе планшетін қолдана отырып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көре алады әрі музыкалық шығармаларды тыңдай алады. Аталған қызмет түрі жолаушылар үшін тегін.