Қазақстандағы жолдарда интернет және ұялы байланыс 2027 жылға дейін қолжетімді болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деді. “Келесі маңызды оқиға – республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың ұялы байланыс пен интернетке қосылуы. Қазіргі уақытта интернет бұл жолдардың 25 пайызында ғана қолжетімді. Ал ұялы байланыс 86 пайыз болады. 2027 жылға дейін бұл жолдардың 100 пайызы интернет және ұялы байланыспен қамтылады”, – деді министр.