“Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 992 теңге болды, ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 089 теңге, базалық зейнетақы – 37 903 теңгеге тең”, – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен. Қосымша ақпар, наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллионнан асады. Ведомство өкілдері 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салады.