Қаржы нарығын бақылаушылар құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, тағы бір қаржы пирамидасын анықтады, деп хабарлады Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. “Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі “Finiko” қызметін анық қаржылық пирамида мен қаржылық алаяқтықтың белгілеріне ие деп бағалайды. Берілген компания қаржылық ұйымдарға жатпайды, өйткені оның уәкілетті орган берген лицензиясы жоқ.”,- делінген ресми хабарламада. Осыған байланысты агенттік Қазақстан азаматтарына “Finiko” компаниясына инвестиция жасау және онымен шарттық қатынастарды орнату, берілген компанияның шотына қаражат аудару немесе қолма-қол ақша беру қауіпті болып табылатыны туралы хабаралайды. Қазіргі кезде Ресей Федерациясының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша “Finiko” компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды.