Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болады

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болады. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді. “Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және “Отбасы банкімен” бірлесе отырып, ипотекалық және жұмысшыларға жалға берілетін тұрғын үй берудің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын”, – деді үкімет басшысы.