Сейсмология институты мен Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы ұлттық ғылыми орталыққа біріктіріледі. «Оның жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуы арқылы қайта құрылсын”, – делінген қаулыда. “Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы” қызметінің негізгі бағыттары сейсмикалық қауіпті бағалау, күшті жер сілкіністерін ғылыми болжау, сондай-ақ Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аймақтарында кешенді сейсмологиялық мониторинг жүргізу болады. Барлық меншік және пайдалану құқығы төтенше жағдайлар министрлігінде болады.