Қазақстанда жаңа сенаторларға депутат куәлігі табыс етілді

Қазақстанда жаңа сенаторларға депутат куәлігі табыс етілді.  Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев хабарлады. 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаланың сенаторлары 12 тамызда сайланған болатын. Орталық сайлау комиссиясы Сенаттың жаңа депутаттарын ресми түрде тіркеді. Куәліктерді тапсыру рәсімі ОСК сайтында тікелей эфирде көрсетілді.