Қазақстандық адвокат ресейлік тележүргізуші Кеосаянды сотқа беретінін айтты

“Біздің Заңға сәйкес Тигран Кеосаянды мәлімдемесі үшін сотқа бере аламын. Сот шағымымымды қабылдайды деп үміттенемін”, – деді заңгер Жангелді Сүлейманов Facebook-те. Желі қолданушылары адвокатты қолдап түрлі пікір жазды. Еске салайық, бұған дейін ресейлік тележүргізуші қазақстандықтарды Украинадағы жағдайға қатысты негізсіз айыптаған болатын.