Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан 129 доллар түсті

Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан 129 доллар түсті
Ұлттық қордан балаларға ақша аударылды. Әр балаға 129,38 доллар бөлінді. Былтыр бағдарламаға 6 921 035 бала қатысқан. “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы іске қосылған екі жыл ішінде әр балаға жалпы 232,94 доллар жинақталды. Ақпаратты eGov mobile мобильді қосымшасынан және kids.enpf.kz сайтынан алуға болады.