Қазақстандық екі экс-банкирге халықаралық іздеу жарияланды

Іздеуде жүрген Банк бөлімшесінің экс-директоры мен еншілес компания басшысына қандай айып тағылып жатқаны әлі белгісіз. Бұлтартпау шарасы – “қамауға алу” болып табылады”, – делінген ведомство ақпаратында. Айта кету керек, 2020 жылдың 18 қыркүйегінде Tengri Bank көптеген заңбұзушылықтары үшін банктік және басқа да операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айырылды. Клиенттердің банктік шоттары мен банктің барлық операциялары тоқтатылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11 қадағалау жауабын алып, банкке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 36 хаттама толтырды.