Қазақстандық кәсіпкер Рамиль Мухоряпов Қазақстан халқынан кешірім сұрады

Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде қазақ және орыс тілдерінде кешірім сұраған видео жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Біріншіден, видеода ренжіткендердің барлығынан кешірім сұраймын. Мен видеоны қарап шықтым, шынымен де кейбір сөздерім дөрекі айтылыпты. Мен Қазақстан азаматымын, Алматыда туып-өстім. Осы жерде компания аштым. Қызметкерлеріміздің 99 пайызы қазақстандықтар, біз мұнда салық төлейміз. Мен қазақ тілін дамытудың маңыздылығын өте жақсы түсінемін. Компания ішінде барлық өнімдерге қазақ тілінде қолдау көрсетіледі. Кейбір өтінімдер қазақ тіліне аударылған, кейбіреулері аударылып жатыр, мен бұл жұмысты жақын арада аяқтаймыз деп үміттенемін. Бұдан былай қазақ тілін үйренуге тырысамын. Тағы да кешірім сұраймын”, – деді Choco холдингінің басшысы Мухоряпов.