Қазақстанды “Штрафстан” деп атаған депутат мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Қазақстанды “Штрафстан” деп атаған депутат мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Естеріңізге сала кетейік, Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында елді сынап, мазақ етіп, лақап ат қоятындардың әрекетін сынаған еді. Мәжілісте депутат Азат Перуашев Президенттің бұл ескертуін өзіне сабақ ретінде қабылдаған. «Расында да біз өз елімізді, мемлекетімізді сыйлауымыз керек. Әсіресе, шетелдік инвесторлар мен туристерді елімізді жамандау үшін шақырып отырған жоқпыз ғой. Сондықтан Президенттің сөзі өте орынды. Әрі қарай да сол жолдан таймауымыз керек. Парламентте сөз сөйлеген кезде біз ресми тілді қолдануға міндеттіміз. Мен ол жерде терминді пайдаланғаным дұрыс болмады. Оны мойындап отырмын. Ал негізгі көзқарасым сол баяғыдай», – деп атап өтті депутат.