Қазақстандықтарға авиарейстердің кешігуі кезінде бірден төленетін сақтандыру қолжетімді болады
Қазақстанда авиарейстер үшін жаңа қызмет — цифрлық сақтандыру іске қосылады. Рейстің кешігуі жағдайында жолаушылар сақтандыруды мобильді қосымша арқылы іске қосып, артық іс қимылсыз бірден өтемақы ала алады. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бұл бастаманың авиация саласын цифрландыру бағдарламасының бөлігі екенін атап өтті. Бағдарлама биометриялық сәйкестендіру, маршруттарды оңтайландыру және басқа да инновациялар арқылы қызмет көрсету сапасын жақсартуға және авиацияның тиімділігін арттыруға бағытталған.