Сәуірдің ортасынан бастап қатынауы қажет чартерлік рейcтер кейінге шегерілді. Ал жолдаманы алып қойғандар демалыс уақытын мамырдың соңына немесе маусымның басына ауыстыруы қажет. Немесе төлем жасап қойғандар басқа елдерді таңдай алады. Әуе қатынасы қаншалықты жанданатыны, қанша рейске рұқсат берілетіні әзірге белгісіз. Белгілісі, бұл мәселені екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі бірлесіп шешеді. Қазір Түркия бағытына жолдамаларды сату толық тоқтатылды. Ол енді тек жазда ғана қайта жанданады дейді туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей. Қосымша ақпар, қазір Түркияда ушығып тұр. Онда күнделікті 50 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып жатыр.