Қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады.

Қос мемлекеттің азаматтары 30 күннен аспайтын кезеңге визалық талаптардан босатылады. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, келісімге қол қою Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, екі ел азаматтарының саяхаттау тәртібін жеңілдетуге ықпал етеді. Құжат 2 маусымға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.