Қазақстандықтардың мессенджерінде жаңа аудиохабарлама тарауда. Онда автор балалардағы өкпе ауруына байланысты коронавирустың үшінші толқыны басталуы мүмкін екенін ескертеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті COVID-19-дың үшінші толқыны мен балалардағы өкпе ауруларына қатысты хабарлама шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.
Сондай-ақ, WhatsApp мессенджерінде осындай хабарламаның бар екендігі анықталғаннан кейін барлық қол жетімді мәліметтер хабарламаның авторын іздеу және жеке басын анықтау әрі жауапкершілікке тарту үшін Түркістан облысының құқық қорғау органдарына берілген.