Қазақстандық әуе компаниялары тексеріледі – Бектенов
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында жергілікті сипаттағы техногендік төтенше жағдай жарияланды. Енді Қазақстандғы әуе компаниялары тексеріледі, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты. Премьер-министр авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Айтуынша, бұл қайғылы жағдай, бізге де ұшу қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігін білдіреді. “Бірінші кезекте жоспардан тыс тексеру жүргізу және әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет. Өткізіліп отырған іс-шаралар шеңберінде отандық авиакомпаниялар экипаждардың біліктілігін, рұқсатнамаларын және құзыретін қайта тексеру керек. Сондай-ақ әуе оқиғаларына жедел ден қою мақсатында апаттық-құтқару жұмыстарын жетілдіру және мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажет. Орын алған жағдайдан осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін нақты ұсыныстарды әзірлей отырып дұрыс қорытынды шығару қажет”, — деп атап өтті премьер-министр.