Қазақстанның 8 банкіне 47 миллион теңге айыппұл салынды. Қаржы ұйымдары ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормаларды сақтамаған деп хабарлайды Finprom.kz.
Соның ішінде банктік қарызға қызмет көрсету, төлемдер мен ақша аударымдары, банктік шоттарға қызмет көрсету нұсқауын орындау мерзімін бұзған. Әкімшілік айыппұлдың ең көп сомасы – 21,9 миллион теңге Asia Credit Bank-ке салынған, Ресей Сбербанкіне 11,1 миллион теңге, Capital Bank Kazakhstan-ға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды. Tengri Bank 4,2 миллион теңге, Альфа банк 1,1 миллион теңге айыппұл төлейді.