Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы бойынша, серіктестік босануға рұқсат беріледі. Ол үшін серіктесінде ПТР-тестің теріс нәтижесі бар анықтамасы болуы керек және оның нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспауы қажет. Сонымен қатар, Қазақстанға әуе рейстерімен ұшып келетіндерге, теміржол жолаушыларына, теңіз және өзен көлігімен келетіндерге қатысты ережелердің өзгергені айтылады. Бас санитария дәрігерінің қаулысы 8 желтоқсанда сағат 00.00-де күшіне енеді.