Еліміздің аэронавигациялық жүйесі ешқандай шектеулерсіз әуе қозғалысын қабылдай алады. Әуе кеңістіктерінің жабылуына байланысты Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан және Парсы шығанағы елдеріне бағытталған транзиттік рейстердің көпшілігі қазір Еуропаның оңтүстік дәліздері арқылы орындалуда. Бұл ретте әуе қозғалысы ағынының бір бөлігі Қара теңіз өңірінен Қазақстан аумағына бағытталды. Соңғы тәулікте елдің әуе кеңістігі арқылы бұрын жоспарланбаған 257 рейс орындалды. Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған рейстердің артуы елімізге айына $1,5 млн көлемінде қосымша табыс әкеледі.