Еуроодаққа мүше елдердің ішінде Венгрия Еуропада бірінші болып ресейлік «Спутник V» вакцинасын қолдануға рұқсат берген. Айта кетейік, қазақстандықтар бүгінде Германия, Польша мен Италия елдеріне ұша алады. Бұл елдер емделуге, оқуға немесе жұмыс істеуге келген азаматтарды қабылдайды. Басқа жағдайларда шетелдіктер Еурокомиссия мақұлдаған вакцинаны салдыруы тиіс.