“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин Telegram компаниясының басшысы Павел Дуровпен кездесті.

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин Telegram компаниясының басшысы Павел Дуровпен кездесті. “Павел Дуровпен транзиттік операторларсыз желілер арасында тікелей трафик алмассу жөнінде келістік. Бұл абонеттеріміз үшін қызметтің сапасын ғана емес, сонымен қатар сервистің Қазақстандағы жұмысын да жақсартатынына сенімдімін. Бүгінде елімізде Telegram мессенджерін 8 млн адам тұрақты пайдаланады. Тікелей байланыс бізге Telegram серверлеріне деректерді беру кезінде кідіріс уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстандағы пайдаланушылар контентке тезірек қол жеткізіп, Telegram арқылы ақпарат алмаса алады деген сөз”,- деп атап өтті Бағдат Мусин. Биыл маусым айының соңында Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келген еді.