Қазақстан-Қытай шекарасындағы шектеулер алынды. 2023 жылдың алғашқы аптасынан бастап карантиндік шаралар жойылды. Ресми Бейжің пандемияға дейінгі формат бойынша автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларды қабылдауға ниетті. Ол үшін бар болғаны 48 сағат ішінде тапсырылған ПТР-тесттің нәтижесі жеткілікті. Бұрын Қытай тарапы белгілеген автокөлік құралдарының сипаттамаларына қойылатын талаптар да енді алынды. Айта кетерлігі, “Қорғас” бекетінің жұмысы қайта жанданған соң, алғашқы жұмыс күнінде көрші елден 100-ден аса адам өтті.