Қазақ-өзбек шекарасында көліктерді өткізу үш айға тоқтатылады

Қазақ-өзбек шекарасында көліктерді өткізу үш айға тоқтатылады. Бұл шешім Өзбекстан тарапымен келісе отырып қабылданған. “1 ақпаннан бастап қос ел шекарасында орналасқан “Тәжен” кеден бекетінің өткізу пункті арқылы жеке тұлғалар, жеңіл автокөліктер, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүк таситын автокөліктер өткізілмейді. Бұл терминалды күрделі жөндеу бойынша құрылыс-монтаждау жүргізуге және жалпы өткізу пунктін жаңғыртуға байланысты”, – деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті. Бұл ретте адамдар мен көліктер “Б.Қонысбаев”, “Қапланбек”, “Сырдарья” өткізу пункттері арқылы өте алады.