Азаматтарын вирусқа қарсы вакцинамен қамту бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 2-ші, ал әлемде 42-ші орында тұр. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты. Елде 9 млн 900 мың адамға 5 түрлі вакцина дозалары қолжетімді. Жалпы коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін әлем халқының 60%-тен астамына екпе салу көзделген. Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда екпенің I компонентін 7 млн 700 мыңнан астам адам салдырған. Ал II компонентін алғандар саны 6 млн 700 мыңға жуықтайды.