Азаматтық қорғау қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мен үстемеақы берілуі мүмкін

Азаматтық қорғау қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мен үстемеақы берілуі мүмкін. Осы мәселені шешетін заң жобасы бірінші оқылымда таныстырылды. Төлемдерді белгілеу қызметкерлерге, әсіресе жылжымайтын мүлік құны қымбат өңірлерде тұрғын үй шығындарын өтеуге көмектеседі. Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов осылай деді. Жалпы тұрғын үй төлемдерімен үстемеақыларды белгілеу, білікті мамандарды тартуға және олардың тұрақты жұмыс істеуіне, сондай-ақ олардың қаржылық жағдайын жақсартуға көмектеседі, – деп атап өтті Шыңғыс Әрінов.