Қазан айында Ақтөбе облысында оқушыларға вакцина салынбақ.
Өңірде биыл 18 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттады. Жалпы облыста 167 мың оқушы бар. Бұдан бөлек коронавирус жұқтырған 380 ақтөбелік оқушы әзірге мектепке бармайды. Олардың 24-і ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жұқпалы вирустың жаңа штамы пайда болғалы балалар жиі аура бастаған. Сол себепті 12 мен 18 жас аралығындағы жеткіншектерге вакцина салу жоспарланып отыр.