3 ақпанда сенат Ғалымжан Пірматовты Ұлттық банк төрағасы етіп тағайындауға келісті. Пірматовтың кандидатурасы бейсенбі күнгі сенат отырысында мақұлданды. Оның кандидатурасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған. Пірматовтың өзі сенат отырысына келмеді. Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов оның коронавирусқа шалдыққанын айтып, бағдарламасын кейінірек таныстыратынын жеткізді. Бейсенбі түске қарай Ақорда Пірматовты Ұлттық банк төрағасы етіп тағайындау туралы жарлықты жариялады.