“Қазавтожолдың” бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, істе екі адам айыпталған. Олардың бірі – “Қазавтожол” басқармасының бұрынғы төрағасы.
Тергеу барысында М. және Ж.-ның 2000 жылдардан бері таныс екендігі анықталған.
“М. 2017-2019 жылдары Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2019-2021 жылдары облыс әкімінің орынбасары болған және автомобиль жолдарындағы, оның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірдегі “Жақсы-Есіл-Бузулук” автожолындағы мәселелер туралы білген.