Ажырасқандар «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алмайды

Толық емес отбасылар мөлшерлемесі 2 процентке тең тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі Бауыржан Қабдол хабарлады. Айтуынша, енді “Бақытты отбасы” бағдарламасына ата-анасының қамқорынсыз қалған азаматтар мен 1, 2-топтағы мүгедектер қосылады. Ал толық емес отбасылар мөлшерлемесі 5 процентті құрайтын бағдарламалардың қатысушысы болып қала береді. Мұндай шешім соңғы жылдары жастар арасында ажырасу деректерінің күрт көбеюіне байланысты жасалып отыр.