Осыдан бірер күн бұрын қазақстандық интернетке жасалған шабуылдар – шетелдіктердің әрекеті. Бүгін Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның айтуынша, егер шабуыл іштен жасалса, оны тез арада анықтау мүмкін болар еді. Бірақ қазірдің өзінде шабуыл жасаған хакерлердің кім екені белгісіз. Естеріңізге салайық, қыркүйектің 27-28 күндері осындай әрекет салдарынан интернет байланысы едәуір нашарлаған.