Елімізде жыл басынан бері азық-түлік, дәрі-дәрмек, автокөлік өндірісі артты, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, қаңтар-шілде айларында Қазақстандағы өндіріс көлемі 4,9%ға өскен. Әсіресе өңдеу өнеркәсібі саласында ілгерлеу бар. Бұл тұста Шығыс Қазақстан, Абай және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары көш бастап тұр. Айта кетейік, Үкіметте еліміздің соңғы айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралып жатыр.