БҰҰ Ассамблеясында Қазақстан Ресейге қарсы қарарға дауыс берген жоқ

БҰҰ Ассамблеясында Қазақстан Ресейге қарсы қарарға дауыс берген жоқ. БҰҰ Бас ассамблеясы Украина бойынша соғысты тоқтату талабымен Ресейге қарсы қаулы қабылдады. Оған 93 ел дауыс берді. Олардың арасында 18-і қарсы болса, 65 ел дауыс беруден бас тартты. Соның ішінде Қазақстан да бар. Қарар “деэскалацияға, Украинаға қарсы соғыс қимылдарын тез арада тоқтатып, бейбіт жолмен шешуге” шақырды. Ресей Федерациясына Украина аумағынан барлық әскерін дереу, толық алып тастау және қимылдарын тоқтату талап етілген.