Бұдан былай мопедтер міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха осылай деп хабарлайды. Тиісті норма енгізілген заң жобасына қол қойылды. Нормативті құжат актілері қабылданған кезден бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. Отандастар алты ай ішінде мопедтерін мемлекеттік тіркеуден өткізіп үлгеруі керек. Бұл норманы орындамағандардың мопеді айыппұл тұрағына қойылады.