Бұдан былай Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпарат мемлекеттік құпия болады.

Бұдан былай Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпарат мемлекеттік құпия болады. Сенат депутаттары “Мемлекеттік құпиялар туралы” заңға осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізуді екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы президенттің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері туралы, президенттің денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтерді мемлекеттік құпиялар қатарына қосуды көздейді. Бұл экс-президенттерге де қатысты. Бұған дейін бұл түзетулер Мәжілісте талқыланбаған.