Бұдан былай отандастар ұялы байланыс нөмірін тіркеу үшін биометриядан өтеді

Бұдан былай отандастар ұялы байланыс нөмірін тіркеу үшін биометриядан өтеді. Бұл жоба алаяқтықтың алдын алу үшін қолға алынып отыр. Себебі бүгінде абоненттік нөмірлер арқылы адамның қаржысын ұрлайтындар көбейген. Цифрлық даму министрлігі осылай деп хабарлайды. Бұдан бөлек, интернетке кіру жүйесіне де өзгеріс енгізіледі. Егер азамат ғаламторды пайдаланғысы келсе, жеке басын куәландыратын құжатын тіркейді. Еліміздің барлық әуежайында жолаушылардың биометриясы енгізіледі. Несие алу үшін де азаматтар биометриялық деректерін тапсыруға міндеттеледі.