Бұдан былай тұтынушы ұшпаған жағдайда да әуе билетінің белгілі бір бөлігі қайтарылады

Бұдан былай тұтынушы ұшпаған жағдайда да әуе билетінің белгілі бір бөлігі қайтарылады. “Елімізде әуе билеттерін сатып аларда екі түрлі таңдау жасалатын. Бірі құны қайтарылатын, екіншісінің құны қайтарылмайтын билеттер. Шынында да, әуе билеттерінің қайтарылмауы заңды түрде қарастырылған. Біз қазір жаңа заң жобасы аясында билеттердің 100% қайтарылмайтын мүмкіндігін алып тастаймыз»,- деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев. Енді әуе қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау туралы комитет қарамағында болады.