Бүгін Қазақстан – Қытай шекарасы жабылды

Бүгін Қазақстан – Қытай шекарасы жабылды. Мұндай шара Қытайдағы айдаһар-қайықтар мерекесіне байланысты жасалды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Комитет мәліметінше, 26 маусымда шекара қайта ашылады. Қытайда бұл күні түрлі-түсті қайықтармен есуден жарыстар ұйымдастырылады. Мереке ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген.