Бүгін президент жарлығымен Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды. Аталған ведомство ел президентіне тікелей бағынады және есеп береді. Оған Қазақстан Энергетика министрлігінің уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі салаларындағы функциялары және өкілеттіктері беріледі.