Бүгін Шерзаттың сот отырысында 32 жастағы Эльмира Нурбекова өз куәлігін жалғастырды

Бүгін Шерзаттың сот отырысында 32 жастағы Эльмира Нурбекова өз куәлігін жалғастырды. Ол – айыпталушылармен бірге Талғарда Шерзат Болат қаза болған оқиға орнына келген екі әйелдің бірі. Бұған дейін Нұрбекова сотта Абзал Шынасылдың қолында пышақ болғанын және оның жерде жатқан Шерзаттың арқасына пышақ сұғып жатқанын көргенін айтқан еді. Алайда бүгінгі отырыста ол бұл сөзінен бас тартып, айыпталушының қолында пышақ болғанын енді есіне түсіре алмайтынын мәлімдеді. Прокурор Дана Сарсенбайдың сұрауымен куәгер сот залында Абзал Шынасылдың Шерзатты қалай ұрып-соққанын көрсетіп берді. Нұрбекова прокурорға қорқандықтан жедел жәрдем шақырмағанын айтты. Прокурор оның бұл жауабына күмән келтірді.