Бүгін Талдықорғанда Шерзат Болаттың соты өтеді

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Болаттың соты өтеді. Түскі сағат 12:00- де басталатын ашық сотқа қатысуға қазірдің өзінде 50-ге жуық журналист сұраныс білдірген. Ашық сот қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот бөлімінде өтеді. Сот залы шағын болғандықтан онлайн көру мүмкіндігі болғанымен онлайн трансляция қарастырылмаған. Істі Алматы облыстық соты қарайды. Шерзат Болат отбасының заңды мүддесін Мейірман Шекеев жетекшілік ететін алты қорғаушы қорғайды. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 4 қазанында Талғарда жасөспірім кісі қолынан қаза тапқан еді. Бұзақылар Шерзатты, оның әкесін және ағасын пышақ және мылтық қолданып, соққыға жыққан.