Бүгіннен бастап БАКАД бойынша жол жүру ақылы болады

БАКАД шілденің 16-сында салтанатты түрде пайдалануға берілді. Үлкен Алматы айналма жолы – ел тарихындағы бірінші концессиялық жоба. Бұл жолдың құрылысы осыдан үш жыл бұрын түрік-корей консорциумы негізінде басталған. Магистраль алты жолақты, кейде төрт жолақтыға айналады. Ведомствоның есептеуі бойынша, сағатына 110-140 шақырым максималды жылдамдықпен 66 шақырымдық қашықтықты небәрі жарты сағатта жүріп өтуге болады.