Бүгіннен бастап көлік жүргізушілеріне орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады

Бүгіннен бастап көлік жүргізушілеріне орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады

4 желтоқсанда жол қозғалысы саласындағы өзгерістерге қатысты заң күшіне енді. Ол жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әрбір үшінші жүргізуші трассада жылдамдықты шектен асырғандықтан қаза болады. Соны ескеріп ІІМ жаңа өзгеріс енгізді.

Енді халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда жүретін жүргізушілер бақыланады. Автоматты анықтау жүйелері арқылы түзу учаскелерде “орташа жылдамдығы” қанша екенін анықтайды.

“Орташа жылдамдық” жүріп өткен жолды уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі. Айыппұл орташа жылдамдықтың асып кетуіне байланысты 5 АЕК-тен (19 660 теңге) 40 АЕК-ке (157 280 теңге) дейін болады”, – делінген хабарламада.