БҚО-да 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған

Батыс Қазақстан облысында жас қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға салып жіберген, деп хабарлады ҚазАқпарат. Оқиға Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болды. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, 19 жастағы қыз босанғаннан кейін шақалақты пакетке салып, дәретханаға лақтырған. Қазір өзі ауруханада жатыр. Колледжде қашықтан оқып жатқан қыз толық отбасында тәрбиеленген. Үш баланың үлкені. Қазталов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қайырханов оқиғаны растады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.