Батыс Қазақстан облысы Жаңғалы аудандық ауруханасында жұмыс істеген келіншектің медициналық білім туралы дипломы жалған болып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz. Полицейлердің дерегіне сүйенсек, 37 жастағы әйел 2012 жылдан бастап Жаңғалы аудандық ауруханасында медбике болып жұмыс істеген. Жақында ғана оның құжаты жалған екені анықталған. Мұны медициналық мекеменің директоры біліп, құқыққорғаушыларға хабар берген. Қазір тәртіп сақшылары жалған құжатты кім дайындағанын тексеріп жатыр. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 385- бабы 3- бөлігі (Жалған құжаттарды қолдан жасау немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.